Жедел қызметтер

Павлодар облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының отырыстарын өткізудің 2018 жылға арналған жоспары

Құжатты жүктеу

Көктемгі мұз қауіпті

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен көктемгі жұқа мұздың қауіптілігі мәселесі бойынша үнемі баспа беттері, интернет ресурстары мен облыстық телеарналар арқылы түсіндіру жұмыстары өткізіліп отырады.

Көктемде мұз үстінде  жүру қауіпсіз емес, сондықтан Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен күн-сайын балықшылар арасында  түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және  жылдың осы кезеңінде мұндай әрекеттің қауіптілігі туралы мұз астынан балық аулауды ұнантатындарға жадынамалар таратылады.

Соңғы күндері, әсіресе сенбі және жексенбі күндері  құтқарушылар еріген мұз үстінен  ондаған балықшыларды  эвакуациялады,  олар  ескертуге қарамастан таңғы  сағат  бесте жағалаудың ар жағына өтеді, содан кейін кері қайта алмай қалады.

Ағымдағы жылғы наурыз-сәуір айларында 6 адам құтқарылды, 24 адам – эвакуацияланды, оның ішінде -19 бала. Құтқарылғандарға медициналық көмек көрсетілді, балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру әңгімелері жүргізілді.

Өкінішке орай, адамдардың судағы қаза болуын болдырмау бойынша өткізіліп жатқан барлық кешенді іс-шараларға қарамастан, қауіпсіздік ережелерін елемеген бір адам өз өмірімен қоштасты.

21 сәуір күні Екібастұз аймағындадағы Солнечный кентінде орналасқан Шаңдықсор көлінде балық аулау кезінде 1967 жылы туылған Екібастұз қаласының тұрғыны мұз астына түсіп кетті. Омырылып қалған сеңнен төрт балықшы құтқарылып аман қалды. Біреуі ауруханаға жатқызылды, үшеуі жергілікті полиция қызметі қызметкерлеріне тапсырылды, оларға қатысты  “Балық аулау ережесі және балық ресурстарын қорғау мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу” Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық Көдексінің 383-бабы бойынша, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көздейтін әкімшілік өндіріс қозғалды. Бүгінгі күні құрамында 5 адам, 1 бірлік техника және  бір жүзу құралы бар жедел-құтқару жасағы күшімен іздеу жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылар тағы да естеріңізге салады – көктемгі мұз өте қауіпті!.

Өз өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар  департаменті

төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы – С. Чернов

Су тасқыны (тасқын) кезіндегі халықтың іс-әрекеті

Су тасқыны – табиғат күші іс-әрекетінің нәтижесінде бірқатар құрлықтың маңызды  бөлігі уақытша сумен басылады.

Бұл құбылыстар:

  • гидротехникалық құрылыстардан су ағызу;
  • қардың тез еруі, мұз кептелісінің пайда болуы;
  • мол ұзақ немесе қысқа уақытты, бірақ өте қарқынды жауын-шашын;
  • үлкен өзендерден жағалауларға және өзен құйылыстарына күшті қума жел немесе судың көтерілуі нәтижесінде болуы мүмкін.

Су тасқынын (тасқынды) болжауға, яғни алдын алу шараларын қабылдауға болады. Ықтимал су тасқыны туралы болжамды алсымен мүмкін болатын су тасқыны туралы сирена, радио- және теледидар арқылы хабар тарату, басқа мүмкіндік беретін құралдардың көмегімен халықты құлақтандыру жүзеге асырылады.

Су тасқыны (су басу) қауіпі туралы ескерту алған соң, жақындарыңызға, көршілеріңізге хабарлаңыз, қарттарға және ауру адамдарға көмек көрсетіңіз. Ақпаратта су басу уақыты және шекаралары туралы тұрғындарға мақсатты және эвакуациялау жүргізу тәртібі туралы ұсыныстар хабарланатын болады.

Эвакуация жасау алдында өз үйіңізді сақтау үшін:

  • газ, электр, су көзерін ажырату;
  • пештегі отты сөндіру;
  • бағалы заттар және мүлікті ғимараттың жоғарғы қабатына (шатырдың астына) көтеру;
  • терезе мен есіктерді жабу, қажет болған жағдайда бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтайлар немесе фанерамен шегелеп тастау керек.

Эвакуация басталу туралы хабар алған кезде тез жинап өзіңізбен бірге:

  • құжаттарыңызды (герметикалық бума), құнды заттар, дәрі-дәрмек;
  • маусым бойынша киім және аяқ киім жинағын;
  • бірнеше күнге азық-түлік қорын алуыңыз қажет, содан кейін қауіпсіз ауданға жіберу үшін хабарланған эвакуациялау пунктіне барыңыз.

Күтпеген жерден су тасқыны , егер ауылда немесе жеке секторда су басуы орын алған жағдайда  барынша тез арада малдарды су басу аймағынан қауіпсіз алыс жерге көшіру қажет. Қауіпсіз биік жақындау жерге шығып, су бойынша ұйымдасып көшуге дайын болыңыз. Сумен қатынасы кесілген және көмек қажет ететін адамдарды құтқарушылардың уақытында табуына мүмкіндік беретін  шаралар қабылдау қажет:

а) күн жарық уақытта – биік жерге мата іліп қою;

б) қараңғы уақытта – жарық сигналдарын беру.

Егер су далада, орманда тап болса, жоғары жерге шығу, егер ондай орын болмаса – ағашқа шығу қажет. Адамды суда ұстайтын  барлық заттар (ағаш, тақтай, ағаш есіктер, бөшкелер, автомобиль шиналарын және т.б.) қолданылады.

Есіңізде сақтаңыз! Су басқан жерлерде су тиген азық-түлікті, қайнамаған суды ішуге болмайды. Қандай жағдай болмаса да сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз, тез, бірақ әбігерленбей және батыл іс-қимыл жасаңыз!

Су басу қауіпі кезінде мүдіртпей 112 телефонына хабарласыңыз.

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Көп қарлы қыстан соң болатын көктемгі климаттық өзгерістерге  байланысты, ең жақын уақытта Павлодар облысы елді мекендерінің аумағын  су басу қауіпі туындауы мүмкін.

мүліктің жоғалуы және бұзылуының алдын алу,

жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында мына шараларды қабылдау қажет:

– Су айдындарындағы судың деңгейін және метеорологиялық мәліметтерді зер салып қадағалау.

– Тұратын ауданда су басу шекараларын анықтау.

– Үй ауласының аумағын қардан, қоқыстан тазарту.

– Үйге жақын  аумақтардағы қолданыстағы су бұрғыштарды (құбырларды), міндетті түрде жанындағы қар, мұз, қоқыстардан тазарту;

–  Су өткізетін құбырлардың бастиектерін тазарту, нөсер кәріздерінің құбырларын ластан шаю;

– «үлкен жерден» Сіздің үйіңіз ажыраған жағдайға ең қажетті жиынтықты дайындау;

– Алдын-ала үй жауарлары мен малды қайда көшіруді ойластыру;

– Үй мүліктерін, жертөледегі азық-түлікті мүмкіндігінше жоғарғы қабатқа, шатырдың астына  және басқа жоғары орындарға көтеру;

– Аулада барынша аз шарушылық құралдарын қалдыру, өйткені оларды су шәйіп әкетеді. Егер мүліктерді алып кету мүмкіндігі болмаса оларды байлап тастаңыз;

– Бензин, керосин және жанар жағармай ыдыстарын мықтап жабу, олардың аударылып және басылып  қалуын болдырмау;

– Су тасқыны кезеңінде қарт адамдарды, науқастар мен балаларды қауіпсіз жерге апарған дұрыс;

– Су тартатын құралдарды қарастыру: тұрмыстық электрсораптар (мүмкіндік болса), шелектер, күректер және т.б.;

Тұрғындарға көктемгі су тасқыны материалдық нұқсан әкелуінен сақтау үшін өздерінің мүліктерін сақтандыруды ұсынамыз.

_________________________________________________________

Көктемгі су тасқыны және сең жүру кезеңінде:

  • көктем кезеңінде су айдындарына шығуға;
  • сең жүру кезінде өзен арқылы өтуге;
  • өзеннің мұз кептелген жерлеріне жақын баруға;
  • су жайылатын жерде және тік жар жиегінде тұруға;
  • көпіршелер, бөгеттер және бегеулерде жиналуға;
  • мұз кептелісіне жақындауға, жағадан мұздарды итеруге;
  • өзеннің немесе кез келген су айдынының тереңдігін өлшеуге;

сең үстінде жүру және оларда сырғанауға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

 

БАЛАЛАРДЫ  ТЕРЕЗЕДЕН  ҚҰЛАУДАН САҚТАҢЫЗ

  • терезесі ашық үй-жайларда, бала болмауы қажет
  • москит торларына сенім артпаңыз, олар құлаудан сақтамайды
  • терезелердің ашылмауы үшін, құлыпты тұтқалармен жабдықтаңыздар
  • балалардың назарын үлкендердің терезе ашуы кезіндегі амалдарына аудармаңыз, олар қайталауы мүмкін
  • балалар терезеге шыға алмайтындай, жиһаздардың орналасуын есепке алыңыздар
  • өздеріңіз баланы терезе алдына шығармаңыз, оған өз бетімен шыққаны үшін баланы мақтамаңыз, терезе арқылы айналамен дұрыс сүйсінуіне үйретіңіз
  • белгілі жасқа дейін, баланың үлкендердің терезені жууына байланысты «акробатикалық нөмірлерінің» куәгері болмағаны жақсы

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Бірыңғай кезекші- диспетчерлік қызметінің телефоны (тәулік бойы) 112

Көктем кезеңінде Сең жүру және су тасқыны кезеңінде мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларының ЖАДНАМАСЫ

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР:

Көктемгі  су тасқыны кезеңінде өзендегі мұз жұмсарады, үстінен күн және еріген су «жейді», ал астынан ағын жонады. Оның үстімен жүру өте қауіпті: кез келген уақытта аяқ астында опырылып қирауы мүмкін және

Көктемгі сең жүру және су тасқыны кезеңінде:

* көктем кезеңінде су айдындарына шығуға;

*сең жүру кезінде өзен арқылы өтуге;

*өзеннің мұз кептелген жерлеріне жақын баруға;

* су жайылатын жерде және тік жар жиегінде тұруға;

* мұз кептелісіне жақындауға

* жағадан сеңдерді итеруге

*өзеннің немесе кез келген су айдынының тереңдігін өлшеуге;

*сең үстінде жүру және оларда сырғанауға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Сіз көпірден, жағадағы кеме аялдайтын орыннан,  сеңнің жүруін бақылағанда көпір қанатынан және басқа қоршаудан еңкеюге болмайды. Егер сіздің астыңыздағы мұз жарылса және жақын маңда ешкім болмаса – үрейленбеңіз, қолдарыңызды кең қойып, жусан жағасына тіреліңіз және ақырын ішіңізге немесе арқаңызға жатып, келген жағыңыздағы қатты мұзға шығыңыз.

Өзенде немесе көлде сіз жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, абыржымаңыз, үйге қашпаңыз, қатты айқайлап көмекке шақырыңыз, үлкендер естиді және жазатайым оқиғадан құтқарады. Егер өзіңіз көмек көрсеткен жағдайда, міндетті түрде мұзға жатуыңыз керек, зардап шеккенді судан шығарып алуға таяқ, ағаш, белбеу немесе шарф және т.б. беріңіз. Содан соң зардап шеккенді жылы жайға жеткізіңіз, денесін құғатып сүртіп, киімін ауыстырыңыз,  ыстық шәй беріңіз. Қажет болған жағдайда дәргердің көмегіне жүгініңіз.

Көктем кезеңінде мұз үстіне шықпаңыз!

Өзіңіздің өміріңізді қауіпке ұшыратпаңыз!

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті   Бірыңғай кезекші -диспетчерлік қызметінің телефоны (тәулік бойы) 112

Павлодарлық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер «Көктем-2018» РКШОЖ аясында тактико-арнайы оқу-жаттығу өткізді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 2018 жылғы 5-6 наурыз аралығында Павлодар облысында «Көктем-2018» Республиклық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Дайындық кезеңінде  Төтенше жағдайлар бойынша аймақтық органның, азаматтық қорғаныс қызметінің күштері мен құралдары, Төтенше жағдайлар бойынша комиссияның қатысуымен “Көктем кезеңінде төтенше жағдайларды жою барысында Азаматтық қорғау іс-әрекетін құру” тақырыптарына арнайы- тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығуды өткізу орны ретінде Павлодар қаласының Кенжекөл ауылдық аймағы анықталды. Бұл елді мекеннің кейбір көшелері Шығыс Қазақстан облысынан жоғарғы ертіс сарқырамасы су қоймасынан суды көп жіберу кезінде сумен басылу аймағына жатады.

Орталық алаңда қалалық шұғыл ден қою жасағының күштері мен құралдары  байқауы өтткізілді. Тәжірибе бөлімінде бірнеше кіріспе және құтқарушылар сумен басылу аймағына жататын халықты эвакуациялау бойынша жұмыстарды орындады. Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің базасында жиын эвакуациялық бекеті жайылды.

Эвакуацияланған халық автобуспен алғашқы қажетті заттарымен ауылдық эвако қабылдау бекетіне келіп жетіп, күту залына орналасты. Ветеринарлық қызмет жұмыскерлері ауыл шаруашылық жануарларды қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастырды.

Апаттар медицинасы орталығының және жедел құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккендерді анықтау, сондай-ақ шартты түрдегі науқас адамдарға және тасымалдауға жарамайтын  ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.  Ақпарат қызметі және дауыс зорайтқыш құралы бар машина эвакуация туралы құлақтандырды. Ауыл тұрғындары жүргізілетін оқу-жаттығу туралы алдын ала хабрландырылған және олар құтқарушылардың нұсқауларын сабырлықпен орындады.

Екінші кіріспеде шұғыл ден қою жасағы және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің техника күштерімен ауылдың көшелерінен қар шығару ұйымдастырылды.

Сірә, оқудың ең қызықтысы топырақты үйінділерді үю бойынша жұмыс болған шығар. Камаздар және жүккөтергіш көліктер топырақты үйінділерді көтеру орындарына келіп, қойылған міндеттерін орындауға кірісті, 5512 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сумен басылатын үйдің ұзындығы бойынша үйіндіні үюге және құммен толтырылған қаптарды қалаумен жасанды бөгеттерді қалауға көмектесті.

Оқу-жаттығуға  аумақтық Төтенше жағдайлар органының жеке құрамынан 205 адам және 70 бірлік техника жұмылдырылды. жергілікті атқарушы органдарының, АҚ және ТЖ қалалық қызметтерінің, 5512 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жеке құрамының 170 адамы және техниканың 59 бірлігі тартылды.Оқудың басшысы барлық құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетін талқылады, олар нақты және дұрыс деп танылды.

Газ баллондарын қолдану ережелері

  1. Газ плитасын тек қана жақсы желдетілген бөлмеде қолдануға болады;
  2. Тұмша пештің оттығын жағу алдында оның қақпағын бірнеше рет ашып, жабу жолымен желдету қажет;
  3. Газды жағу кезінде алдымен жанып тұрған сіріңкені оттыққа жақындатып, содан кейін бірақ шүмекті ашыңыз;
  4. Плитаны таза ұстаңыз;
  5. Газ құралдарын орнатуды және жөндеуді тек қана тиісті құжаты бар мамандарға сеніп тапсырыңыз;
  6. Газ құбырлары мен құралдары кемшіліктерін өздігінен түзеуге тырыспаңыз;
  7. Жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе егер оған балалардың қолы жететін болса;
  8. Плитаның үстіне киім жаймаңыз, жанғыш заттарды плитадан алыстатыңыз;
  9. Газ құралдарын қолданып болған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабыңыз.

Егер сіз газдың қатты иісін сезсеңіз, онда:

Шүмекті жауып, бөлменің ауасын тазартыңыз. Бұл ретте қандай жағдай болмасын от жақпаныз, ұшқынның пайда болуынан алшақтау үшін ешқандай электр құралдарын қоспаңыз. Газ баллонын сатып алған, газбен жабдықтайтын кәсіпорынның авария қызметін шақыртыңыз;

Жеке меншік құқығында тұрмыстық қажеттілікке сұйытылған газды пайдаланатын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын үйлер мен пәтерлердің иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады. 

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар

департаменті өрт қауіпсіздігі саласын

бақылау және профилактикалық

қызмет басқармасының бас маманы – Асқарова Айнұр

Үсік шалған кездегі алғашқы көмек

Павлодар қаласына нағыз қыс келді, алдағы күндерде қатты аяз болады. Өкінішке орай, мұндай жағдайларда көптеген адамдар қатты тоңазу және үсікке шалуына бейім қарайды, бұл өте ауыр салдарға апаруы мүмкін. Осыған байланысты, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы үсікке шалу тәуекелді болдырмас үшін, қала тұрғындары мен қонақтарын ауа-райыға сәйкес киінуді және ашық ауада ұзақ уақыт болмауды сұрайды.

Тері жамылғысының үсікке шалығуының бірнеше дәрежесі бар

Бірінші тері жамылғысының қызаруы және ісінуі, екінші – теріде көпіршіктер пайда болады, үшінші – терінің өлуі және қабыршық пайда болады және төртінші – дене бөліктері   жансызданады (саусақ, табан).

Болмайды: Үсікке шалған адамды жылдам жылытуға болмайды (жылытқыш қою, ыстық душ, жылы ванна, қарқынды ысқылау, ашық оттың жанында жылыту және т. б.), себебі бұл кезде зақымдалған тері, қызыйды, бірақ қаннан оттегі алмайды, содан тері қараяды және өледі. Үсікке шалған учаскелерді ысқылауға болмайды, өйткені  ұсақ мұздықтар терінің бетін бүлдіреді және инфекция енгізу мүмкін. Сондай-ақ, жылыну үшін алкоголь ішуге болмайды  (ол алдымен  қан тамырларының кеңейтуді, содан кейін күрт тарылуын тудырады, ол  зақымданған учаскелерді оттегімен жабдықтануды құртады), дененің үсіген жерлерін маймен ысқылауға болмайды, ол терінің демалуына және зақымдалған ұлпалардың түсуіне кері әсерін тигізеді.

Сіздің әрекетіңіз: үсік шалған кезде (тері күйдіру сезімі, шаншу, онемения) үсіген учаскені абай қолмен немесе жүннен тоқылған шарфпен ысыңыз. Қолғап пен аяқ киімді алып тастаңыз, қолды деммен жылытыңыз және жеңіл уқалау жасаныз, жоғарыдан төменгі бағытта аяқ табанын ысқыланыз.

Қатты үсіген кезінде (сезімталдықтың жоғалуы, ауру, бозғылт, суық тері) зақымдалған орынды жылы киім-кешекпен немесе мүмкіндігінше бірнеше қабат мақтамен, дәкемен, полиэтиленмен жабыңыз, және тезірек жылы үйге жетуге тырысыңыз. Дереу өзіңіз немесе көршілердің көмегімен, дәрігерді шақырыңыз. Таңғышты шешпеңіз, әйтпесе нәтижесінде қалыпты қан айналым температурасы бұзылады. Кез келген ыстық сусын ішіңіз (тәтті шай, кофе, сүт).

Есіңізде болсын! Үсіген теріні құтқаруға болады, тек тез арада жақын жердегі аурухана бөлімшесіне бару керек.

 

Павлодар қаласы

Төтенше жағдайлар басқармасының

ТЖ алдын алу тобының бас маманы

Р.О. Биахметова

Павлодар облысы! Темекі тарту кезінде абайсыз болу – өрттің себебі

Бұл  туралы теледидар экрандарынан, радио эфирлерінен және басылымдар беттерінен талай рет айтылып жүр. Бірақ болған өрттер мен адам өлімдерінің саны қарап бұл ескертулерге құлақ салып жүргендер шамалы. Осы себептен болған өрттердің саны кемудің орнына өсіп отыр. Сондықтан өрттердің темекі тарту кезінде абайсыз болу себебіне аса көңіл бөлінуі қажет.

Адамдар көбінесе  темекіні от алдырғаннан кейін сереңкені немесе темекінің қалдығын қайда болса сонда тастап, тыйым салынған жерлерде темекі тартып, темекінің қалдықтарын ағаштан жасалған бұйымдарға немесе отқа тисе тез өртенетін заттарға жақын қояды. Жатып алып темекі шеккен өте қауіпті, әсіресе мас күйінде. Өкінішке орай, көріп отырғандарыңыздай ішімдікке салынған адамдардың  ұқыпсыздықтарынан болатын өрттер  көптеп  таралған. Болған оқиғалардың бәрі бір-біріне ұқсайды: мас қүйінде адам темекі тартуды бастайды, одан кейін ұйқыға кетеді, темекі төсек орынға, киіміне түседі. Одан кейін өрт болып, адам тұншықтырғыш газбен улана бастайды, соңы ажалға әкеліп соқтырады.

Бұл жерде әр адам өзіне абай  болып, сергектікке дағдыландыру керектігін айту маңызды. Тағы да естеріңізге сала кететін жағдай ол – осы себептен болатын өрттердің  алдын алудың жалғыз-ақ  шарасы – отты қолданғанда қарапайым ережелерді сақтау болып табылады.

Павлодар облысы

Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар

басқармасының  өртті мемлекеттік бақылау бөлімі

Крещение Господнеде шомылу кезіндегі медициналық ұсыныстар

Крещение кезінде көптеген адамдар ойықтарда шомылуға шешім қабылдайды. Бірақ көптеген адамдарға бұл процедура қауіпсіз емес. Бірінші кезекте емдейтін дәрігермен кеңесу қажет.

Жүйелі түрде шынығу ағзаның сауығуына көмектеседі, ал жылына бір рет ойықтағы суға түсу – ағза үшін қатты стресс.

Крещение мейрамдарының қарсаңында ойықта шомылуға бел буғандарға дәрігерлер келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

– шомылу кезінде жағажайларда арнайы дайындалған купельдерде түсу қажет, әсіресе құтқару станциясы жақында орналасқан жерлерде және құтқарушылардың бақылауында суға түсу керек;

– ойыққа түсу кезінде ең алдымен денені жылытып, бірнеше жаттығулар немесе жүгірулер жасаған дұрыс;

– ойықтың жанына жәйлі, сырғанамайтын және тез шешілетін аяқ киімде түсу қажет, мен дәрігер ретінде сланцыдан гөрі, тоқыма шұлық кигенін ұсынамын;

– ойыққа бара жатқан бетте асықпай жүру керек, жол сырғанақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Асықпай жүріп, абай болыңыз.

Суға мойынға дейін ғана түсіп, кейін басымен түгел су астына түсуге болады. Бұл бас миы қан тамырларының рефлекторлы түрде тарылмауына көмегін тигізеді. Ағзаның толық салқындауын болдырмау үшін суда 1 минуттан көп  болмау қажет.

Өткен жылдың тәжірибесінен келесіні ескертемін, купельден шығу оңай емес, ал тігінен судан шығу бұл қауіпті де қиын. Сақтандыру және  бір-біріне көмектесу бұл жерде қажет. Шомылып болған соң, түкті сүлгімен сүртініп, құрғақ киім кию қажет. Иммунитеттің нығаюы үшін және ағзаның салқындауын болдырмау үшін алдын ала термоста жемістен және көкөністерден дайындалған ыстық шайды ішу қажет.

Қысқы шомылу өткір және созылмалы аурулармен сырқаттанған келесі адамдарға тыйым салынады:

– Ауыз қуысының қабынуы, бағыныңқы мұрын және құлақ аурулары;

– жүрек-қан тамырларының жүйесі (туа біткен және жүре пайда болған жүрек қалқаншаларының кемістігі, жүрек ауруы стенокардия ұстамасы, миокарда бастан өткізген инфаркт, II, III деңгейдегі гипертониялық аурулар);

– орталық жүйке жүйесі (эпилепсия, бас сүйегінің ауыр жарақат алу нәтижесі, бас миы тамырларының ұмытшақтықтың көрсетілген сатысы, энцефалит, арахноидит);

– жүйке жүйесінің перефериясы (невриттер, полиневриттер);

– эндокринді жүйе (қант диабеті, тиреотоксикоз);

– көру мүшесі (глаукома, конъюнктивит);

– тыныс алу мүшелері (өкпе туберкулезі – белсенді және асқыну сатысы, өкпенің қабынуы, бронхиалды демікпе, эмфизема);

– несеп-жыныстық жүйе (нефрит, цистит, қабыну, еркектік бездің қабынуы);

– ішек-қарын жолы (асқазанның ойық жарасы, энтероколит, холецистит, гепатит);

– тері-жыныстық аурулар.

Дәрігерлердің кеңесі бойынша шомылуға жауаптылықпен қараңыз. Үйден шықпас бұрын сүлгінің, түкті халаттың, құрғақ киімнің және резенкелі бас киімінің бар екеніне көз жеткізіңіз. Мұз үстінде тайғанамау және аяқты жаралап алмау үшін аяқ киімді де ұмытпаған жөн және шомылушының күші мен ерікті ынтасы болу қажет. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, сергектік пен көтеріңкі көңіл тілеймін.

Павлодар облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің

ТЖ жою бөлімі