Кітапханалар

С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапхана

1896 ж. құрылды.

Облыстың ең көне кітапханасының өмірнамасы 1892 жылдан басталады, 1-ші гильдиялық көпес Артемий Деров пен басқа да жергілікті меценаттардың қаржысына «үйде орналасқан тегін оқу залы бар қалалық көпшілік кітапхана» ашылды, ал 1896 жылы уездік кітапхана деген атқа ие болды. Кітапхана тарихында еліміздің тарихы айқындалады: уездік қаланың өмірі, бірінші дүниежүзілік соғыс, төңкеріліс, азаматтық соғыс, ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, тоқырау жылдары, қайта құру, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы.

Ұзақ тарихында облыстық кітапхана кітаптардың қазына қоймасына айналды. Жергілікті және өлкетану басылымдары аса мұқият таңдалады. Облыстық кітапхана қорының көлемі  500 мың данадан астам.

Кітап қорының мақтанышы онжылдықтар бойы қалыптастырылғын бірегей топтамалар: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ортасындағы басылымдар, қазақ баспасы, Қазақстан туралы кітаптар, факсимильді және репринтті басылымдар, миниатюралар, автографтар.

Ғылым, өнер мен әдебиет қайраткерлерінің қолтаңбаларымен сыйға тартылған кітаптар тарихи құндылыққа ие. Мәселен, қазақ әдебиеті мен өнерінің ұлы қайраткерлері Дихан Әбіліев, Қалижан Бекқожин, Қалмұқан Исабаев, Медеу Сәрсеке, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, т.б. қолтаңбаларын қалдырған.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Қазақстан Республикасының аймақтық кітапханалар арасында қарқынды дамып келе жатқандар қатарында. Бұл – ақпарат, білім мен ойын-сауық саласындағы әмбебап орталық, облыстағы қоғамдық кітапханалар мен кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік орталық, заманауи кітапхана қызметі саласында инновациялық технологияларды талдау, жинақтау және таратуға арналған форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізетін бірден бір алаң.

Кітапханада «Жанашыр», «Анықтама», «Тілтаным», «Сұхбат», «Америка бұрышы» орталықтары, «Айна» галереясы, С. Торайғыров залы және фонотека жұмыс істейді. Олардың қызметтері – халыққа кітапханалық қызмет көрсету, олардың білімге, ақпаратқа, мәдениетке деген сұраныстарын қанағаттандыру.

Мұнда қорға қолжеткізуге болатындай ашық орта қалыптасқан. Мүмкіндіктері шектеулі оқырмандарға қызмет көрсету мақсатында «Жанашыр» орталығы мен «Анықтама» анықтамалық-ақпарат орталығы жұмыс істейді.

Электронды оқу залында зейнеткерлер үшін компьютерлік сауаттылық курстары ұйымдастырылған. «Анықтама» орталығында «Параграф», «Заң» электронды дерекетер қоры бар, ҚР е-үкіметі сайтына кіруге болады.

Кітапханада негізгі кітапханалық үдерістер автоматтандырылған, электронды деректер қоры құрылуда, сандық өлкетану баспаларының негізінде электронды кітапхана құрылады. Кітапхананың бөлімдері жергілікті желіге қосылған, пайдаланушыларға арналған автоматтандырылған жұмыс орындары жұмыс істейді, Wi-Fi аймағы ұйымдасырылып, вебинарлар өткізіліп тұрады. Аталмыш кітапхана Павлодар облысы кітапханаларының құрама өлкетану каталогын құрастырады, бл ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Екі ATIZ BookDriveDIY кітап сканерімен жарақталған сандық орталық қызмет етеді.

Мұнда радиожиілікті сәйкестендіру технологиясы сияқты жаңа технологияны белсенді енгізуде. RFID-технологиясын қолдану оқырмандарға қызмет көрсетуді жаңа деңнейге көтермек. Қазақстанда RFID-технологиясы отандық бағдарламалық өнім негізінде енгізіліп жатыр. Бұл жүйе оқырмандарға кітапханашының көмегінсіз өзбетінше кітап алып, оны тапсыруға мүмкіндік береді. Кітапхана дәлізі мен абонементте арнайы терминал – өздігінен тапсыру станциясы орналасқан. Оқырман сөреден қажет кітабын алып, электронды билетімен бірге терминалға жақындатады, ал кітап оның атына жазылады. Кітап тапсыру үшін оны электронды билетпен қоса терминалға жақындатқан да кітап электрондық билеттен өшіріледі.

Облыстық кітапхананың бес желілік жобасы бар: ресми сайт – www.pavlodarlibrary.kz, Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы – http://map.pavlodarlibrary.kz, Қазақстанның индустриялды жүрегі – http://tehno.pavlodarlibrary.kz, «Сұлтанмахмт Торайғыров» виртуалды эциклопедиясы – http://toraygirov.pavlodarlibrary.kz., «Павлодар Ертіс өңірінің қазіргі кездегі авторлары» QR-кітапханасы» – http://qr.pavlodarlibrary.kz

Аталмыш ресурстардың барлығы оқырымандар арасында үлкен сұранысқа ие.

Басшының аты – жөні: Шахметова Шолпан Баянқызы

Телефоны: 32-08-02, 32-01-65

www.pavlodarlibrary.kz

Е-mail: pavlodarounb@gmail.com, pavlodarlibrary@rambler.ru

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-бейсенбі, сағат 10.00-ден 19.00 – ге дейін

Жұма – демалыс

Сенбі-жексенбі, сағат 10.00-ден 18.00 – ге дейін