• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

05.02.2019 ж.

Түсінік беру

Басшылық

Ернұр Нұрланұлы Дәуенов – «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ  басшысы

Ернұр Дәуенов 1988 жылы туған. 2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Археология және этнология бакалавры», 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша, 2015 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология» мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылым магистрі дәрежесі бар.

2008 жылдан 2011 жылға дейін облыстық Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатында тарих мұғалімі; 2011 жылғы тамыз айынан Астана қаласы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы әлеуметтік-гуманитарлық білім зертханасының ғылыми қызметкері, Астана қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;

2012 жылғы қыркүйек айынан Павлодар қаласы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы зертханасының меңгерушісі;

2013-2017 жылдар аралығында «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары,  Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары;

2017 жылғы тамыз айынан бастап 2019 жылғы тамыз айына дейін  Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

2019 жылғы 27 тамыз күні облыс әкімінің өкімімен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Баширова Гульзира Каирбергеновна

Баширова Гульзира Каирбергеновна – «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1978 жылғы 25 ақпанда Павлодар қаласында туған.

2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.

1999-2002 жылдары аралығында Павлодар ауданының әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту бөлімінің жетекші маманы болып қызмет етті.

2002-2005 жылдары – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ бас маманы.

2005-2007 жылдары – «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бас маманы

2007 жылдың  8 қазанынан  2009  жылдың 29 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қорғаныс, құқық қорғау жүйелерін, мемлекеттік органдарды дамыту департаменті қорғаныс кешені мен құқыққорғау жүйесін дамыту басқармасының қорғаныс кешені бөлімінің сарапшысы болып қызмет етті.

2009-2011 жылдары аралығында «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бөлім бастығы болып қызмет етті.

2011 жылдың 17 наурызынан бастап «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ бөлім басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың 21 сәуірінен Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылғы 1 тамыз күні бастап Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

 

Мейрманов Асылбек Бекболатович

Мейірманов Асылбек Бекболатович – «Павлодар облысының мәдениет,  тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы орынбасары

Мейірманов Асылбек Бекболатович 1981 жылы туған.

Білімі жоғары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдады. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар (ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2017 жылғы 30 маусымдағы шешімі).

Еңбек жолын 2004 жылы студенттік филармонияда бастады.

2004 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың мамыр айына дейін  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылым департаменті ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

2005-2007 жылдары аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы;

2007-2012 жылдары – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылым департаменті ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

2012 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының бөлім меңгерушісі;

2012 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін Павлодар облысы мәдениет басқармасының мәдени сауық  қызметі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болып қызмет етті. 

2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазан айына дейн басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2014-2015 жылдары – ҚР Ұлттық музейінің  талдау және мониторинг секторының меңгерушісі.

2014 жылдың 21 қазанынан 2017 жылдың 21 маусымына дейін Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті  доцентінің міндетін атқарушы.

2017 жылдың 21 маусымынан Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылғы 1 тамыз күні Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Османова Сәуле Габдулжапарқызы – «Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту  және архив ісі басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1961 жылы дүниеге келді. 1985 жылы Барнаул мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетін неміс және ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірді.

Ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп, басшылық лауазымдарды атқарды. 1985-1990 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1990-1997 жылдары директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 1997-2005 жылдары Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің, Семей медициналық институтының оқытушысы.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2013 жылдың ақпан айында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылғы 11 наурызда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2019 жылғы 1 тамыз күні Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Білім беру саласындағы көп жылғы еңбегі үшін ведомстволық грамоталармен марапатталды. Мемлекеттік қызметте міндетін адал атқарғаны үшін Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен (2011), Павлодар облысының 75 жылдығына орай мерекелік медальмен (2012), көпжылғы адал еңбегі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2013), кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі және облыс кәсіподақ ұйымының қызметіне белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының және Павлодар облыстық комитетінің Құрмет грамоталарымен (2013, 2014), мемлекеттік тіл саясатының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Құрмет грамотасымен (2015), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының Алғыс хатымен (2016), Астананың 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен (2018) марапатталған.

Пікір қалдыру

Comments ()