• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

16.04.2019 ж.

Түсінік беру

«Қаныштың ұнатып айтқан әндері»

Ғұлама ғалым, профессор, академик, мемлекет қайраткері, жерлесіміз Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қаныштың ұнатып  айтқан  әндері» атты облыстық  дәстүрлі  әншілер  байқауы

Облыстық мәдениет және архивтер, құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық «Шаңырақ» орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 12 сәуірі күні Баянауыл аудандық Торайғыров атындағы мәдениет үйінде ғұлама ғалым, профессор, академик, мемлекет қайраткері, жерлесіміз Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қаныштың ұнатып  айтқан  әндері» атты облыстық  дәстүрлі  әншілер  байқауы өтті. 

Қаныш  Сәтпаевтың   сүйіп айтқан әндерін   болашақ ұрпаққа  таныстырып, әншілердің  орындаушылық мәдениеті мен кәсіби шеберліктерінің қалыптасуына ықпал ету және жастардың халық әндерін орындау қабілеттерінің шыңдала түсуіне бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқаудың шарты бойынша үміткер 2 ән орындауы керек халық әні өз таңдауымен, екіншісі Қаныштың көзінің тірісінде ұнатып айтқан әндерінен бір ән болуы және жас шамасында шектеу қойылмаған.

Байқауға облыстан 20 үміткер қатысты. Ән айту, аспапта ойнау шеберліктерін еркін игерген бұл қатысушылар бір – біріне еселерін жібермеске, еншісіндегі жүлделерін қолдан бермеске барын салып бақты. Қалай болған мен сайыс-тартыс болған соң көмбеге шын жүйріктің алда келуі бес енеден белгілі. Осы тұрғыда шашасына шаң жұқпас нағыз сәйгүліктерді шылбырын ұстап сұрыптап, аламандағы жарысты анықтайтын арнайы құрылған қазылар алқасы осындай шешімге келді.

«Қаныштың ұнатып айтқан әндері»

Пікір қалдыру

Comments ()