• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

29.03.2019 ж.

Түсінік беру

«Ұлы даланың өнерпаздар керуені»

2019 жылдың 27 наурыз күні Май ауданының Малайсары ауылында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ата –бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған халық ауыз әдебиетінің /айтыс, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойын/ фольклорын халыққа дәріптеу мақсатында облыстық «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» атты мәдени шара өткізілді.

Малайсары ауылдық мәдениет жанында киіз  үй құрылып, шараға сай қол өнер шеберлерінің көрмесімен безендірілді.

Киіз үй жанында ауыл тіршілігі көрсетілді: бір жағында қазан ошақта ет асылып, баурсақ пісіріліп жатса, екінші жағында құрт жайылып, дерменмен талқан жасалынып, піспе шелекте қымыз әзірленіп жатты. 

Павлодар қаласынан келген қонақтарды ауылға кіреберістен «Малайсары батыр» және сал серілер ән-жырмен қарсы алды. Бұл шарада қазақ ұлттық ойыны «Көкпар» да ұйымдастырылды.

Мәдениет үйінің жанынан Май ауданының әншілері «Май елі – жыр әнім» әнімен қарсы алып, әжелер шашу шашты.

Мәдениет үйінің кіреберіс фойесінде ауданның қол өнер шеберлерінің көрмесі және тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Киіз үйі фест» атты көрме әзірленді. Мектеп оқушылары «Асық» және «Тоғыз құмалақ» ойындарын көрсетті.

Мәдени шара концерттік бағдарламамен басталды. Сахна төрінде Май ауданы көркемөнерпаздарының орындауында халық әндер, «Қара жорға» және термелер шырқалынды. Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени сауық орталығы мәдени шараны жалғастырды.   Шара соңында өнер көшінің, мәдени іс-шараға ат салысып ұлы дала мұрагерлерінен өткен  мыңжылдықтағы өнегелі құндылықтарымыз ата – бабадан кележатқан «Ұлттық тағамды» халыққа кеңінен насихаттағаны үшін барлық қатысушыларға облыстық «Шаңырақ» орталығының ұйымдастыру комитетінің атынан алғыс хаттар табыс етілді

«Ұлы даланың өнерпаздар керуені»

Пікір қалдыру

Comments ()