• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

30.03.2019 ж.

Түсінік беру

«Ұлы елдің – ұлық дәстүрі»

«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолыннан  айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.

Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық«Ұлыстың Ұлы күні» деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әр бір өзгеріске үлкен мәнберген, қар немесе жаңбыр жауса, «нұржауды», «туар жыл нұрлы болады», «Наурыздың ақшақарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

Ұлыстың Ұлы күні «көлденеңнен шөпке жан бітіп»  қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жербеті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәндіт ағылымды үйлесімділік жатыр. Тілімізде осы күнге қатысты – «жербетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлык үні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай (науірзек) келген күн», «Көкқұт (өсімдік) көзін ашқан күн», «Көктас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған. Мичурин ауылының наурыз мейрамы 21 наурыз күні аталып өтті.Бұл күнді халық әдеттегідей ауылдық мәдениет үйіне жиналды.Биылғы наурызда «наурыз ару» байқауын өткізумен ерекше болды. Байқауға қазақи өнерлі, үлгілі, ибалы қыздар қатысты. Қазылар алқасы бірінші орынды Мичурин балабақшасының тәрбиешісі Азизаға, екінші орынды Үміт апа ауылынан келген қатысушы Ақжайыққа, үшінші орынды Мичурин мектебінен қатысқан Анжеликаға берсе, Ең өнерлі ару номинациясын Балдәурен лагерінен қатысқан Дильбараға берді. Сайыс тартысты тамаша өткенімен көрермен есінде қалды.

«Ұлы елдің – ұлық дәстүрі»

Пікір қалдыру

Comments ()