• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

05.07.2019 ж.

Түсінік беру

«Домбыра – дастан»

Домбыра күнін тойлауға орай Заря ауылының мектебінде орта буын оқушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, мектептің музыка жетекшісі Ховдабай Инабат Сарсенбаевна және ауылдық кітапхананың кітапханашысы Нурматова Айтолқын болды. Балалар домбыраның шығу тарихы, оның жасалуының қызықты ерекшеліктері танысып, сонымен қатар домбыраның қазақ халқының мәдени өміріндегі алатын орны жайлы білді. Қазақтың атақты домбырашылар жайлы біліп, жұмбақтар шешіпғ тақпақтар айтты. Қатысушылардың орындауында «Келіншек», «Қос алқа», «Күміс тұнған-ай» сияқты қазақтың атақты шығармалары орындалды. Балалар домбыра ішегінің әсем үнін жанға жайлы әдемі үнге үйлестіре отырып жеке және хормен де өнер көрсетті.

«Домбыра – дастан»

Пікір қалдыру

Comments ()