• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

16.04.2019 ж.

Түсінік беру

«Наурыз – достық көпірі 2019»

Успен ауданының делегациясы Алтай өлкесінің Славгород қаласында Наурыз мейрамын атап өтті.

Көктем мерекесі Наурызды көршілес Ресейде тойлады. Шараның меймандарына кеңінен жайылған мерекелік бағдарлама ұсынылды. Бағдарламаның ең басында Шарбақты және Успен аудары мен Славгород қаласының арасында байланыс туралы келісімге қол қойылды.

Жеңіс алаңында «Шеберлер қаласы» қолөнері бұйымдарының көрме – жәрмеңкесі орын тепті. Қазақстан және Ресейдің қолөнершілері мұнда өздерінің үздік бұйымдарын әкелді. Осында «Наурыз-кұт береке бастауы» ұлттық ас мәзірі фестивалінің ашылуы өтті.

 Шараның ұйымдастырушылары бауырсақ пен бешбармақ әзірлеу бойынша шеберлік-сағатын өткізді.

Мерекелік бағдарлама түрлі концерттік номерлермен және түрлі безендірілген көрмелермен қаныға түсті. Мереке қонақтарына Даңқ Мемориалына гүл шоғын қою мүмкіндігі туды.

Бағдарламаның соңында қонақтар Барнаул ипподромы жылқыларының және атбегілерінің өнерін тамашалады.

Мұндай мейрамдар халықтарды біріктіреді және достық бауырластық көңіл-күйді қалыптастырады. Осындай мерекелердің бізде көп болғаны сайын, бейбітшілік берік бола түседі.

«Наурыз – достық көпірі 2019»

Пікір қалдыру

Comments ()