• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

03.12.2019 ж.

Түсінік беру

«Жастарға жаңа мүмкіндік»

28 қарашада С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында «Жастарға жаңа мүмкіндік» атты дөңгелек үстел өтті. Әдеби шара «Жастар жылы» аясында өңіріміздегі шығармашыл жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған шараға Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Арман Қани, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ақын Шолпан Байғалы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Жарқынбек Амантайұлы, облыстық «Найзатас» әдеби-көркем журналының жауапты хатшысы, ақын Айбек Оралхан және жас ақындар қатысты.

Кездесу барысында Арман Қани Ертіс-Баян өңірінің қаламгерлерінің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Ал Шолпан Байғалы болса, шығармашыл жастардың проза мен сатира жанрына көп бара бермейтіндігін айта келіп, жастарды прозаға көбірек қалам тартуға шақырды. Айбек Оралхан облыстық кітапханадағы «Өркен» жас ақындар клубының жұмысын қайта жандандыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ жиын барысында өңір ақындарының арнайы сайтын жасақтау мәселесі жастар тарапынан ұсынылды. Басқосу соңында ақындар өлең оқып, бір-бірінің шығармаларына өз ой-пікірлерін айтты. Алдағы уақытта Павлодар өңірінің шығармашыл жастары бекітілген жоспарға сәйкес ай сайын С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада бас қосып, әр түрлі шаралар өткізетін болады.

«Жастарға жаңа мүмкіндік»

Пікір қалдыру

Comments ()