• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

11.12.2019 ж.

Түсінік беру

«Тәуелсіз ел-думанды ел»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Кемеңгер ауылында Павлодар ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен жыл қорытындылары жасалып, ауылдық кітапханалардың белсенді оқырмандарын марапаттау рәсімі өткізілді. Оқу мәдениетін дамуына ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастырудағы ынтымақтастық пен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлестері үшін Чернорецк, Шақат, Аққұдық, Маралды ауылдық кітапханаларының оқырмандарды марапатталды. Сонымен қатар «Үздік оқырман – 2019» байқауының қорытындылары жасалды.

Ольгинка, Новочерноярка, Набережное, Үміт апа ауылдық кітапханаларының оқырмандары «Оқу чемпионы», «Кітапханалық белсенді», «Кітап талғағышы», «Кітапсүйгіш» атауларына ие болып, дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

«Кітап көрмесінде ұсынылған кітаптардың үздік аннотациясы» байқауының нәтижесі бойынша Луганск орта мектебінің 4 сынып оқушысы Поспелов Александр жеңімпаз аталды.

«Тәуелсіз ел-думанды ел»

Пікір қалдыру

Comments ()