• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

04.05.2019 ж.

Түсінік беру

«ZhaStar» Ресейде

Жалпы ресейлік «Диалог на равных» жобасымен түйісу нүктелерін тапқан «ZhaStar» қазақстандық – ресейлік жобасының шеңберіндегі үшінші кездесу 29 сәуір күні Новосібір облысы Карасук қаласының «На окраине» мемлекеттік жастар драма театрында өтті.

Павлодар қаласын Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театрының жетекші актрисасы – Әдебиетова Толқын және Достық үйінің жанындағы «Lenz» неміс жастары клубының «Faden» театр студиясының жас актерлері - Артем Кичуткин және Лушников Тимур таныстырды.

Артем мен Тимур өлеңдер оқыды, ал Ж. Аймауытов атындағы қазақ драма театрының жетекші актрисасы Толқын Әдебиетова қазақ тілінде өнер көрсетті. Аударманың еш қажеті болмады, себебі эмоциялар мен сезімді әрбір көрермен түсінді. Кездесуді «На окраине» жастар театрының директоры Кобец Александр Петрович жүргізді. Театр иелері де өнер көрсетіп, бір – бірін гастрольге шақырды, сондай – ақ актерлер мен «ZhaStar» жобасының авторлары өңір басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Театрлардың арасында байланыс орнатылды, ең бастысы – кітапханалардың арқасында бұндай кездесулерді өткізуге мүмкіндік бар, бұл – С. Торайғыров атындағы Павлодар Облыстық Кітапханасы мен Новосібір облысының Карасук қаласының орталық аудандық кітапхана.

Пікір қалдыру

Comments ()