• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

20.05.2019 ж.

Түсінік беру

«ZhaSTAR» билейді

16 мамыр күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында «ZhaSTAR» - қазақстандық-ресейлік жобасын іске асыру шеңберінде «Жас Жұлдыз» атты 4- ші кездесу өтті. Кеш би өнеріне арналды. Оның басты кейіпкерлері –  әр түрлі стильде жұмыс істейтін би өнерінің шеберлері. Классикалық би өнерімен көрермендерді павлодарлықтарға таныс «Грация» дуэты - Филлип Валов және Ульяна Белоградова таң қалдырды. Қазіргі заманға сай би бағыттарында өнер көрсеткен Krump - Антон Шкиль, Hip Hop - Мария Ли, Vogue - Сергей Евдокимов, Вreaking – Тамерлан Муханов келушілердің қызығушылығын тудырды. Жас шеберлер өздері таныстырған би стильдерінің пайда болуы туралы айтып, табыстарының тарихымен бөлісті.  Кешті қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде би батлымен аяқтады.

«ZhaSTAR» билейді

Пікір қалдыру

Comments ()