• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

18.02.2019 ж.

Түсінік беру

«Жастығын жалын шарпығандар»

Елін, жерін сүю, патриоттық деген - жастығына қарамай әрдайым туған өлкенді қорғауға сүйіспеншілік сезімді ұлықтау. Тарих беттерінде жалындаған жастарымыздың қандай ұлтжанды болған екенін дәлелдейді.  Оның бір айғағы Ауған соғысы.  2019 жыл Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толып отыр. Жанұяда біреуге бала, біреуге әкенің аттанған ерлігі қайғылы соғыс беттерінде сақталады. 14 ақпан күні мерейлі күнге ұлтжанды Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтап, ерліктеріне тағзым ету мақсатында аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің, соғыс ардагерлерінің қатысуымен «Жастығын жалын шарпығандар» шарасы өтті. Шара Ауған соғысы ардагерлеріне арналған Обелискке гүл шоқтарын қою рәсімі, аудандық Мәдениет үйінде  салтанатты жиын, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Салтанатты жиында аудан әкімі құттықтау сөзін жолдап, Интернационалистік парызын орындаған ардагерлерге мерейтой медальдарын, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Құттықтау сөзімен ауған соғысының ардагері Александр Прокопьевич Майоров лебізін білдіріп, жастарға «Аналарын бар елді, жерді қорғандар» деп нақыл сөзін жолдады.

Кеш барысында соғыста интернационалистік борышын атқару кезінде  қаза тапқан, жерлесіміз, ұрпаққа мәні зор  Серік Хамзиннің ерлігі,  есімі еске алынды. Мерекелік шарада болашақ Отан қорғаушыларға шақыру учаскесіне тіркеу куәліктері табыстау рәсімі жүргізіліп, шара концерттік бағдарламамен ұласты.

Бағдарламаны аудандық халық шағармашылығы және мәдени-сауық орталығы көркемөнерпаздары Н.Ғайни «Түркме» күйін, Е.Бейбітхан «Біздің елдің жігіттері» термесін, А.Сүйеова «Қазақ жігіттері» әнін, А.Омаров «Офицеры» әндерін   көрермен назарына ұсынды. Туған жерімен қауышқан майдангер ағаларды құрметтеудегі салтанатты шара мәнді  өтті. Ауған соғысы ардагерлері барша халыққа ризашылықтарын білдіріп, болашақта ашық аспан аясын, бейбітшілік өмір тілектерін жолдады.

«Жастығын жалын шарпығандар»

Пікір қалдыру

Comments ()