• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

23.01.2020 ж.

Түсінік беру

Қаһарман Қайырбаев [ожидает перевода]

2020 жылдың 23 қаңтар күні  Әскери даңқ музейінде Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 95 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Бұл С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» жобасын іске асыру аясында өткізген алғашқы іс-шарасы. Еске алу кеші С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мен Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты әскери даңқ музейінің ұйымдастыруымен болды.

Өткен ғасырдың ортасындағы қанды қырғында оқ жауып бораған күндерден аман қалып, елге игілігін тигізген қайсар тұлғаның бірі – Махмет Қайырбаев. Қаһарман жерлесіміз М.Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.

Еске алу кешіне әкесі туралы бірнеше кітап жазған  батыр М.Қайырбаевтың ұлы Мұрат Қайырбаев қатысты. Кеш қонақтары Қайырбаевтың замандастары, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметшілер.

Қаһарман Қайырбаев [ожидает перевода]

Пікір қалдыру

Comments ()