• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

29.11.2019 ж.

Түсінік беру

Қазақстан. Тарих. Елбасы

28 қараша күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан. Тарих. Елбасы» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрмеге қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жүздеген кітаптар қойылған. Онда Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, оның еңбек жолы мен саяси мансабы туралы баяндайтын кітаптар бар. Көрмеде ұсынылған басылымдар арасында Елбасының тәуелсіз мемлекет құру және нығайту, Тұңғыш Президентіміздің ең табысты жобасы – елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының дамуы жайлы жазылған еңбектер бар. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен даралығын, сарабдал саясаткер екендігін және көшбасшылық қырын дәріптейтін туындылар көрмеден орын алды. Олардың қатарында әлемге белгілі тұлғалардың Елбасы жайлы айтқан ой-пікірлері де кездеседі. Оқырмандардың қызығушылығын, Президент жазған кітаптар қызықтырды.

Көрменінің алғашқы келушілері Павлодар қаласының музыкалық колледжінің оқушылары.

Көрме 15 күн жұмыс істейді.

Қазақстан. Тарих. Елбасы

Пікір қалдыру

Comments ()