• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

10.10.2019 ж.

Түсінік беру

БАСПАСӨЗ ХАБАРШЫСЫ

2019 жылғы 13 қазанда сағат 15.00-де С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Баянауыл ауданының «Құрметті азаматы»,  ұлағатты ұстаз, ардагер, Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздік қызметкері, Ы. Алтынсарин медалінің иегері, ақын-жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшес Зекебай Солтанбаевқа арналған «Аймақтың асыл абызы» атты шығармашылық кеші өтеді.  

Зекебай Солтанбайұлы 1931 жылғы 15 наурызда Баянауыл ауданының Басшілік мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын жас ұстаз Омбы облысының, Есілкөл ауданының, Қасқат ауылының мектебінде бастайды. Көп ұзамай Павлодар облысының, Баянауыл ауданында жалғастырады. 1954-1957 жылдары Семейдің Крупская атындағы педагогикалық институтын сырттай оқиды. 1955-59 жылдары Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ ауылында мұғалім болып қызмет етіп, 1960-1994 жылдары сол мектептің директоры болып еңбек еткен. Өмірін ағартушылықтан бөлек әлеуметтік-қоғамдық, мәдени шараларға да үлес қосқан. Жастайынан қалам алып өлең жазған атамыз демалысқа шыққаннан кейін «Жыр жиһазы», «Мәшһүр», «Жүсіп», «Көпеев», «Ғұлама», «Адам», «Айшуақ», «Жалынды демократ» деген кітаптардың авторы.

Зекебай Солтанбайұлы – қашанда салиқалы ойдың, сарабдал сөздің, өршіл өнердің адамы. Өмірден түйген ойлары, қоғамдық оқиғаларға үн қосуы, əр нəрседен қалыс қалып қоймайтындығы ағаның сергектігі мен белсенділігін ашып көрсеткендей əсер аламыз. Зекебай Солтанбайұлы – Егіндібұлақ ауылының бетке ұстар ақылшы абызы, ел тұтқасы дер едік.

Зекебай Солтанбайұлының сазгерлік қыры бір төбе. Ол кісінің «Егіндібұлақ вальсі», «Баян гүлдері», «Əкеме», «Ажы вальсі», «Бауырыма», «Баян деген...» сынды жүрек тебірентерлік сазды əндері жұртшылық сүйіп тыңдайтын əуенге айналды. Таңдаулы əн жинақтары үнтаспаға түсіріліп, халық арасында кеңінен насихатталуы аймағымыздың өнеріне қосылған үлкен үлес.

Кешке ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалым Жайлыбай, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Арман Қани, ф.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры А.Ф. Зейноллина, «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әбіш, ақын-жазушылар, ұстаздар, З. Солтанбайұлының шәкірттері  және т.б. қатысады.

Зекебай Солтанбайұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Пікір қалдыру

Comments ()