• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

22.04.2019 ж.

Түсінік беру

Орыс халық әндер хорының 35-жылдығына арналған мерейтойлық концерті

20 сәуірде С.Дөнентаев Мәдениет сарайында  Орыс халық әндер хорының 35-жылдығына арналған мерейтойлық концерті өтті. Жетекшісі Колмогорова Светлана Васильевна. Аккомпаниаторы Пак Евгений Александрович.

Ақсу қаласының әкімі Ұжымға көп жылғы  шығармашылық еңбектері үшін алғысын білдіріп, Құрмет грамотасымен  және  25 жыл бойы осы ұжымда қызмет жасап келе  жатқан, хор ардагерлерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Қазақстан Республикасы Ассамблеясының Павлодар облысы бойынша төрағасының орынбасары Николашина Ольга Леонидовна және Славян Этно мәдени орталығының төрайымы Кузина Татьяна Ивановна Халық хорын өте тату, ұйымшыл ұжым екендерін атап айтты, олармен бірге авторлық әнінен үзінді орындап арнайы дайындап әкелген,  сый сияпаттарымен  алғыс хатын табыс етіп, мерейтойларымен құттықтады. Ақсу қалалық Мәслихаты мен "Нұр Отан" партиясы АҚФ атынан хор қатысушыларын Гүлбаршин Маширбаевна алғыс хаттармен марапаттады"

Ресей Федерациясы  Среднеуральск қаласынан арнайы келген  халық хорының бұрынғы қатысушысы Татьяна Чусовитина шығармашылық құттықтауын  тарту етті.

Сонымен қатар Белогород облысы Короча қ., Галина Фесенкодан  Новокузнецк қаласы  Любовь Фокинадан,  Козельска қаласынан   Андрей Волковтан  экранда бейне  құттықтаулары болды.

Теренкөл ауылының " Прялица "ансамблі мерейтой иелерін жылы сөздерімен құттықтап  2 ән  тарту  етті,  оларға естелік сыйлық  сыйлады.

Семей қ. "Истоки" орыс және казаки  әндерінің халық хоры, жет.Александр Барабанов Хор мен "Рябинушка" ансамблін құттықтап , естелік сыйлықтармен  және шығармашылық нөмірлермен құттықтады!

Сонымен қатар, "Зори Иртыша" ән және би ансамблінің  жет.Колесникова Наталья мерекелік құттықтаулары болды . Ақсу қаласы С.Дөнентаев МС  "Ақ ниет" халық ансамблі және Жаяу Мұса колледжінің "Достар"ансамбілдері Мерейтой иелерін шығармашылық құттықтаулары мен сыйлықтарын табыс етіп жатты.

Орыс халық әндер хорының 35-жылдығына арналған мерейтойлық концерті

Пікір қалдыру

Comments ()