• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

15.03.2019 ж.

Түсінік беру

8 НАУРЫЗ

Халықаралық әйелдер күніне арналған мереке қарсаңында Павлодар ауданының ОКЖ ММ бойынша мерекелік іс-шаралар өтті. Мәдениет үйінің қызметкерлері кітапханашылармен бірлесе отырып мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Құттықтау сөздер, ән мен би, өлең жолдары мен әзілдер ауыл тұрғындары үшін шырқалды. Әр орындалған нөмір әйел қауымына, махаббат пен көктемге арналды.

 «Ана – шын махаббаттың көрінісі» тақырыбындағы әдеби сағат та құттықтау сөзімен басталды. Рождественка ауылының кітапханашысы мерекенің шығу тарихы жайлы айтып, нәзік жандыларға арналған өлең шумақтары оқылды.  Рождественка ауылының мәдениет үйінде  «Мимозаның мерекесі» атты мерекелік концерт қойылды. «Яскрави» тобының қатысушылары «Джентельмендер» би номерімен көрермендерге көп қуаныш сыйлады. Құттықтаулар, әндер мен билер, өлең жолдары мен кішігірім әзіл түріндегі қойылымдар тек қана аналдарға емес барша ауыл тұрғындарына арнап шырқалды. Іс-шараның соңында аудандаық маслихаттың депутаты, ТОО «Кирова» профкомының төрайымы Краснова Раиса Ферденандовна құттықтау сөзімен аяқтады.

Балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және уақытты өткізе білу мақсатында Новоямышево ауылының кітапханашысы Кенжебаева Г.М және Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып «Тіршіліктің тірегі – Әйел Ана» тақырыбында әдеби кеш дайындады.  Әдеби кештің қатысушылары Новоямышев орта мектебінің оқушылары боды. Кеш барысында балалар аналарымен бірге белсенді қатысқан ойындар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды. Бағдарламаның аяқталуына орай балалар аналарын, әжелері мен ұстаздарын құттықтап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.

8 НАУРЫЗ

Пікір қалдыру

Comments ()