• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

08.04.2019 ж.

Түсінік беру

Тарих сағаты «Ұлы дала жаңғыры»

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Жаңачерноярка ауылының кітапханасында «Ұлы дала жаңғырығы» атты тарих сағаты өтті.  Қатысушыларға Бірінші Президенттің мақаласында белгіленген жеті бағыт жайлы айтып берді.

Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуындағы Қазақстанның рөлі жайлы Павлодар география үйінен келегн қонақтар Александр Вервекин мен Виталий Кожокар баяндап берді.

Сегізінші және оныншы сынып оқушыларына арналған жәдігерлерді көрсетумен бірге дәріс Жаңачерноярка ауылдық кітапханасының құрамындағы ПавГео ауылдық филиалының бастамасымен жүзеге асты (басқарушысы – кітапханашы О.А. Паталаха). Балалар қоғамдық бірлестіктердің негізіндегі бұрында Жібек жолы өткен жерлерде орналасқан мемлекеттерден әкелінген этнографиялық жәдігерлерді көрді. Мысалы, металдан жасалған әшекей – 20 ғасырдың 20 жылдарында Өзбекстанның Ферғана облысының шеберлері жасаған бұйым; Тәжікстанның дәстүрлі барабаны тавляк және Үндістаннан келген дхолак, тибет флейтасы, қытайдың ас ішетін таяқшалары, фэн-шуйға арналған компас және т.б. Сонымен қатар, оқушыларға Ұлы Жібек жолының өткен аумағында орналасқан мемлекеттердің: Үндістан, Әзірбайжан, өзбекстан, Армения, Шри-Ланка, Қырғызстан және бұл ғана емес, елдерінің тулары көрсетілді. Балалар Қоғамдық географиялық кітапханасының Қазақстанның географиясы жайындағы кітаптармен танысып, байырға заманнан келе жатқан сауда жолы қатынасының дамуындағы біздің елдің алған орны жайлы айтты.

Бұл қуатты сауда-экономикалық артериясының тарихын және Отанымыздың оның картасындағы маңыздылығын білу ересектер мен балаларға ғана емес, сондай-ақ, тарих пен экономика, географияға қызығатын барлық адамдарға пайдалы.

Тарих сағаты «Ұлы дала жаңғыры»

Пікір қалдыру

Comments ()