• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

01.02.2019 ж.

Түсінік беру

«Сарқыт – қазақ халқының мерекелік салты» Қонақжайлылық күні ұйымдастырылды.

30 қаңтар Успен аудандық кітапханасының коворкинг-орталығында Успен ауданының Аналар Кеңесімен «Сарқыт – қазақ халқының мерекелік салты»  Қонақжайлылық күні ұйымдастырылды.

Жарқын, көңілді шара салт-дәстүрлер туралы видео көрсетілімімен сүйемелденді. Жүргізуші Ш.У. Молдагозинова Сарқыт (дәстүрлі тартулар) дәстүріне толығырақ тоқталды. Қонақжайлылық тілінде өз қонақтары үшін сарқыт беру оларға деген алғыс пен құрмет білдіру деген сөз. Аталмыш дәстүр бүгінгі күнге дейін барлық қазақстандықтарды қуантуда.

Барлық қатысушылар үшін мерекелік дастарқан жайылды. Мерекелік шай ішуден кейін барлығына сарқыт таратылды.

Шараға Успен ауданының құрметті аналары, Нұр Отан партиясының өкілдері, жастар орталығы, ішкі саясаттың өкілдері, мектеп және колледж ұстаздары, аудандық кітапхананың қызметкерлері қатысты.

«Сарқыт – қазақ халқының мерекелік салты»  Қонақжайлылық күні ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Comments ()