• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

31.05.2019 ж.

Түсінік беру

Қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні

Қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні қарсаңында Шақат ауылдық кітапханасында «Жазықсыз жазаланған жайсаңдар» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы жастарға отызыншы жылдары ГУЛАГ лагерлерінде орын алған жайттар, жапа шеккен халықтар мен жеке азаматтарды оңалтудағы бағыттылған және дәйекті жұмыстар негізіндегі, тарихи шыңдықты қалпына келтіру мен қуғын-сүргінге ұшырағандардың лайықты мәртебесін қайтарып, еске алуда Қазақстанның алатын орны жайлы баяндап берді. Іс-шараның мақсаты патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанға деген махаббатқа бағытталып, сондай-ақ, қазақ халқының ерлігі жайында ақпарат берілді.

Оқырмандарды қазақ халқының өміріндегі қайғылы да мұңға толы оқиғалармен таныстыру мақсатында Рождественка ауылдық кітапханасы «Познавая историю заново» тақырыбында тарих сабағын дайындады. Іс-шара халық тарихындағы қайғылы беттерді баяндайтын «Эпоха: события, судьбы, свидетельства» атты презентациямен сүйемелденді. Балалар мен жастардың  Қазақстан тарихындағы зор қайғының бірі болып табылатын жалған айыптау мен террордың нәтижесінде қаза тапқан миллион адамдардың бастан кешкендерін эмоционалды түрде сезіне алуы мен тарихты білуі маңызды болып келеді.

Қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні

Пікір қалдыру

Comments ()