• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

05.07.2019 ж.

Түсінік беру

Ел астанасы - Нұр-Сұлтан

Павлодар ауданының ОКЖ кітапханаларында астана күніне арналған мерекелік шаралар өтіп, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

         Ефремовка ауылдық кітапханасында жастар арасындағы астананың құндылығын ілгерілету, қаланың құрылуы мен даму тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді. Нұр-Сұлтан – бұл Отанымздың бас қаласы, Қазақстанның жүрегі, «Әлем қаласы» медалімен және атағымен мараптталған жас әрі әсем қала.

         Іс-шара барысында кітапханашы астананың құрылуының тарихи жолы мен халықаралық аренадағы мемлекеттің рөлі жайлы айтып берді. Сондай-ақ, оқырмандарға «Нұр-Сұлтан – айбынды Ақордам» атты «Астана – Қазақстанның жүрегі», «Астана – суретшілер көзімен» сияқты бай әдеби материалды қамтитын кітап көрмесі көрсетілді. Қатысушылар Н.Ә.Назарбаевтың «Көші-қон қазақ әлемі» кітабымен жақынырақ танысты. Іс-шараға ауыл жастары қатысып, қызығушылықпен тыңдай отырып, дискуссия жүргізді. Шараның аяқталуында оқырмандар астанаға арналған викторинаға қатысып, өз білім деңгейлерін көрсетті.

Ел астанасы - Нұр-Сұлтан

Пікір қалдыру

Comments ()