• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

25.04.2019 ж.

Түсінік беру

«Eurasian Book Fair» IV Еуразиялық халықаралық кітап көрме - жәрмеңкесі

24 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында «Eurasian Book Fair» IV Еуразиялық халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесінің жұмысы басталды, оған ТМД, Еуропа және Азия елдерінің ұлттық және аймақтық кітапханалары, баспа, кітап сату ұйымдары, мәдени және білім беру орталықтары қатысады.

Биыл С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана форумда өңіріміздің жас ақын - жазушыларының, сондай-ақ танымал әдебиетшілер - мерейгерлер Арман Қани, Сүлеймен Баязитов, Жұмағали Қоғайбайдың кітаптарынан экспозиция ұсынады. Келушілерге кітаптармен қатар Павлодар Ертіс өңірінің «Найзатас» және «Ақбеттау» әдеби журналдары таныстырылады. Сонымен қатар, қызығушылық тудыратын QR - кітапхана да қойылады.

Жастар жылы шеңберінде жас павлодарлық авторлар - Жарқынбек Амантайұлының «Ескі сурет», Қуанышбек Шармановтың «Дәріс дәптерлері» кітаптарының тұсаукесерлері өтеді.

«Eurasian Book Fair» IV Еуразиялық халықаралық кітап көрме - жәрмеңкесі

Пікір қалдыру

Comments ()