• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

04.07.2019 ж.

Түсінік беру

«Қазақты танытқан – домбыра!» кітап көрмесі

3 шілдеде Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазақты танытқан – домбыра» атты кітап көрмесімен Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері танысты. Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, табиғи ұлттық музыкалық аспабы.

Көрмеде аспаптың тарихы, түрлері, жасалу технологиясы, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, домбыраны үйрену және Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет,  Сүгір, Қазанғап, Дина сынды өнер иелерінің күйлері туралы кітаптар мен альбомдар қойылды.

«Қазақтың 1000 күйі»  антологиясына ерекше қызығушылық танытты, әр өңірдің күйшілік дәстүрі, қазіргі заман күйлері деген тақырыптар қамтылған. Библиографиялық шолуда музыкалық аспаптың ерекшелігі айтылды, домбыра Қазақстан Республикасының мәдени мұрасы.

«Қазақты танытқан – домбыра!» кітап көрмесі

Пікір қалдыру

Comments ()