• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

29.04.2019 ж.

Түсінік беру

«Сарбаз конверті» байқауы

25 сәуір аудандық Мәдениет үйінде әскери-патриоттық әндерді дәріптеу, көркем өнер ұжымдарын біріктіру және достықты нығайту, барлық ұрпақтардың рухани-адамгершілік құндылықтары мен сезімін тәрбиелеу, ұлтаралық келісім және рухани бірліктің ойларын тарату, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатымен «Сарбаз конверті» әскери-патриоттық байқауы өтті. Қатысушылар 2 туынды орындады (1 патриоттық және 1 әскери тақырыптағы туынды). Байқаудың тақырыбы тарихтың батыл парақтары және қарулы күштер туралы, ұлтаралық сарбаздар туралы, Ұлы Отан соғысы туралы заманауи және әскери жылдар әндерін, Отан туралы әндерден тұрды.

Байқауға ауданның клубтық мекемелерінің көркем өнер қатысушылары және шығармашылық қатысушылар, мектеп ұстаздары мен оқушылардан құралған 60-тан астам қатысушы болды. Гран-при иегері аудан байқаулары мен фестивальдерінің, концерттердің белсенді қатысушысы Виталий Степанович Топтун (Успен а.) атанды. «Әскери әнді үздік орындау» номинациясында Е.Майер (Галицк а.), «Патриоттық әнді үздік орындау»  Д.Камилов (№3 УЖОББМ). Өз жас дәрежелерінде 1 орын алған жеке орындаушылар және ұжымдар: С. Достова (Таволжан а.), А. Устименко (Успен а.), В. Нечтайлюк (Успен а.), №2 УЖОББМ оқушылар хоры, апалы-сіңлі Литвиндер жұбы (Дмитриев а.).

Байқаудың барлық жеңімпаздар мен қатысушылары мадақтамалармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

«Сарбаз конверті» байқауы

Пікір қалдыру

Comments ()