• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

10.02.2020 ж.

Түсінік беру

«Тарихтағы қаһарман тұлға» өлкетану сабағы

Биыл белгілі тарихшы ғалым Ермұқан Бекмахановтың туғанына 105 жыл толып отыр.  

Осыған орай 6 қаңтар күні облыстық кітапхананың кіші залында Кеңес тарихшыларының бірі, әрі бірегейі, тарих ғылымында доктор атағына тұңғыш ие болған азамат, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұқан Бекмахановқа арналған «Тарихтағы қаһарман тұлға» атты өлкетану сабағы өтті. Шараға «Ана тілі» Орталығының «Тіл керуені» жобасының тыңдаушылары қатысты. Шара барысында қатысушылар тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі жайында мағлұмат алды, ғылыми зерттеу еңбектері туралы зиялы қауымның ой пікірлері, өмірлік жары Халида Бекмұхамедованың естеліктері көрсетілген бейнероликтерді тамашалады. Сабақ соңында тарихшының белгілі еңбектері, сондай- ақ дарынды ғалым туралы жазылған естелік кітаптар, мерзімді басылымдар ұсынылған көрмеге шолу жасалды.

«Тарихтағы қаһарман тұлға» өлкетану сабағы

Пікір қалдыру

Comments ()