• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

19.03.2019 ж.

Түсінік беру

Дөңгелек үстел «Тіл тағдыры – ел тағдыры»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсактымен Павлодар ауданының Набережное ауылының ауылдық кітапханасында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада мемелекеттік тілді дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Дөңгелек үстелдің қатысушылары басқа ұлттардың тілімен тығыз байланысты өз тіліміздің тағдыры, құрылу тарихы мен көркеюі жайлы айтты.

Өзінің терең тарихи мағынасы бар латын қаріпіне көшу тақырыбы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген. Қазақ тілінің латын қаріпіне көшірілуінің өзектілігі, көбінесе латын қаріпі қолданылатын түркітілдес елдердің әрі қарай жақындасуы мен поэзия, әдебиет, тарих және ғылымның шетелдерде тұратын отандастарымызға, қазақ тілін үйреніп жатқан шетел азаматтарына қолжетімділігі туралы қатысушылармен талқыланды.

Дөңгелек үстелдің іске асырылуында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.М. Рахимжанов, аудандық маслихаттың депутаты, аудандық ОО «Қазақ тілі» филиалының төрағасы Б.Т. Баткеев, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың өкілдері мен аудандық кітапханалар жүйесінің барлық қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел «Тіл тағдыры – ел тағдыры»

Пікір қалдыру

Comments ()