• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

26.03.2019 ж.

Түсінік беру

«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» әдеби-фольклорлық мереке

14 наурыз Успен ауданының аудандық кітапханасында Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» әдеби-фольклорлық мереке өтті. Кітапханашылар жарқын көктемнің мерекесі Наурыз туралы балаларға айтып берді. Мемлекеттік және орыс тілдерінде өлеңдер айтылды, «Мерекем» әні шырқалды, №3 УЖОББМ 1 сынып оқушыларымен Б. Бақтыбаев музыкалық аспаптарда ойындар ұйымдастырды және 7 сынып оқушысы Калыкова Д. «Наурыз» композициясын орындады. «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Шашу» дәстүрін көрсетті. Оқушылар «Қазақ асханасының тағамдары» викторинасына, «Аударыспақ», «Кім жүйрік?» ойындарына қуанышпен қатысты. «Наурыз – жылулық пен күн шуақты мереке» кітап көрмесі рәсімделді.

«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» әдеби-фольклорлық мереке

Пікір қалдыру

Comments ()