• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

19.09.2019 ж.

Түсінік беру

«Туған жердің дауысы» әдеби-музыкалық поэзия кеші

10 қыркүйек күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тұлға. Кітап. Заман» жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Туған жердің дауысы» атты әдеби-музыкалық кеші өтті.

         Кеште Павлодар ауданының жергілікті ақындарының туған жерге деген сүйіспеншіліктері және адалдықтары жырланған өлеңдері мен үзінділері айтылды. Авторлардың өздері оқыған шығармалар туған Ертіс өңірінің тарихын баяндайды. Үлкен сахнада Чернорецк ауылының тұрғындары Сағынай Абсалямов, Василий Никитин және Үміт Төлеубаева, Набережное ауылынан Вера Денисенко, Новоямышев ауылынан Байқоныс Күлжик, Шақат ауылының тұрғыны Тамара Борисова, Новочерноярка ауылынан Сергей Рудишев шығармашылықтарын көрсетті. Әдеби кеш барысында П. Пучектің музыкасына жазылған «Павлодар ауданы», «Туған ауылым» әндері ойнады. Аққұдық ауылының тумасы Татыбаев Мейраздың орындауындағы «Туған қала» атты әні ешкімді енжар қалдырмады.

         Облыстық кіапхананың фойесінде безендірілген аудан тұрғындарының бұрын басылған, сондай-ақ әлі күнге дейін белгісіз шығармалары ұсынылған кітап көрмесі қонақтардың назарын тартты.

         Шығармашылық кештің нәтижесі ретінде «Туған жердің дауысы» әдеби жинағы басылып шығарылды. Оған талантты аудан тұрғындарының шығармалары енді. «Олар жүректе туған шырақтар сияқты жылуын әкеліп, кіші Отанымызды мадақтап, жырлайды» –  кештің қадірлі қонағы, ақын, журналист, публицист және әдебиеттанушы Ольга Николаевна Григорьева іс-шараға дәл осындай баға берді.

«Туған жердің дауысы» әдеби-музыкалық поэзия кеші

Пікір қалдыру

Comments ()