• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

11.03.2019 ж.

Түсінік беру

Әдеби сағат «Саттар Ерубаев – журналист, публицист»

Саттар Ерубаевтың туылғанына 105 жылдығына орай Рождественка ауылдық кітапханасында 30 қаңтар күні ортаңғы сынып оқушылары арасында әдеби сағат өткізілді. Саттар Ерубаев – қазақ жерінің көрнекті тұлғасы, дарынды жазушысы, атақты журналист, аз ғана болса да, аса қымбат әдеби мұрасын қалдырды. 1934-1935 жылдары жас ақын Қарағанды жерінде жұмыс істеді. Өзінің көптеген публицистикалық және әдеби шығармаларын кеншілердің астанасы – Қарағандыға және кеншілерге арнаған. Кітапханашы найзағайдай жарқырап, ерте сөнген жазушы туралы балаларға айтып берді. Саттар Ерубаев 30 жылдардағы қазақ әдебиетінің айқын көрінісіндей болды. Кітапханашының орындауында жазушының өмірбаяны жазылған «Қазақ жерінің көрнекті тұлғасы» тақырыбында буклет дайындалып, оқушыларға таратылып берілді.

Әдеби  сағат «Саттар Ерубаев – журналист, публицист»

Пікір қалдыру

Comments ()