• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

28.01.2020 ж.

Түсінік беру

«Абай жолы» - ғасырлық туынды» әдеби ринг өтті

Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар облысытық әмбебап ғылыми кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде «Абай жолы»  ғасырлық туынды» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында әдеби ринг өткізілді. Аталған шығарма арқылы Ұлы ақынның өнегелі өмірімен көпшілікті таныстыру, даналығын, рухани асыл мұраларын көпшілікке насихаттауға бағыттталды. Сайыс «Ақынды тану», «Кейіпкерлер келбеті» және «Қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы» атты 3 кезеңнен тұрды. Шараның әр кезеңінде қатысушылар эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, мазмұнын түсіндіру арқылы кейіпкерлер толық бейнесін аша білді. Сайысқа филология ғылымдарының кандидаты Серік Елікпай,  ардагер – журналист,  Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі» - Сая   Молдайып, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоғаммен байланыс менеджері Алпысбай Хонж қазылық етті. Ал Б.Ахметов атындағы колледж студенттері көрермен ретінде қатысты.

Айта кетейік, шара С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірігіп ұйымдастырылған болатын.

«Абай жолы» - ғасырлық туынды» әдеби ринг өтті

Пікір қалдыру

Comments ()