• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

28.05.2019 ж.

Түсінік беру

«Ұрпағыма айтарым» атты әдеби кеш

23 мамыр күні облыстық кітапхананың және Ақсу орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен  «Кітап. Тұлға. Оқырман» жобасы аясында жерлес ақын, сатирик, публицист, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаевтың 125 жылдығына арналған  «Ұрпағыма айтарым» атты әдеби кеші өтті. Ақын өз дәуіріндегі қоғамның шындығын кең түрде жырлаған қазақ әдебиетінде өткір сатира жанрының іргетасын қалаған ірі суреткер ақын.

Әдеби кешке ақын-жазушылар, ғалымдар, әдебиетшілер, оқытушылар мен студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты. Сәбит Дөнентаев сынды ақын, жазушы, көркемсөз шебері әрі сатириктің шығармашылы туралы Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Қ. Омарғалиев, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, ақын Қ. Қ. Шаяхметов, С. Дөнентаевтың шығармашылығын зерттеуші ғалым, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Серік Елікбай, журналист, «Сарыарқа самалы» газетінің әлеуметтік бөлімінің басшысы Сая Молдайып  сөз сөйледі.  Сәбит Дөнентаев тәрізді ақындардың шығармаларын насихаттау, ұлықтау,  елге ұмыттырмау  қазіргі ұрпақтың парызы. С. Дөнентаев атындағы орта мектептің, Евгеньевка орта мектебінің  оқушылары ақынның өлеңдерін және өздерінің арнауларын оқыды,  оның поэзиясының өміршеңдігін айқындады.

 «Көркем сөз иесі» атты иллюстративті - кітап көрмесі үлкен қызығушылықты тудырды. 

«Ұрпағыма айтарым» атты әдеби кеш

Пікір қалдыру

Comments ()