• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

19.09.2019 ж.

Түсінік беру

«Мен жастарға сенемін!» облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсы

Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шеңберінде және 2019 жыл Жастар жылына орай ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың конференц залында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Мен жастарға сенемін!» атты жас ақындар мүшәйра-конкурсының марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

         Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасына облысымыздың қала, аудандарынан келген үміткерлер өз бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы 15 қатысушыны конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

         Бәйгеде Ақтоғай ауданы, Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің ұстазы Ерболат Нұқ  өз қарсыластарынан озып, І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынға Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернатының оқушысы Ахат Сания Таңатқызы, ІІІ орынға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті Тілепбергенова Дана Маратқызы ие болды.

«Мен жастарға сенемін!» облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсы

Пікір қалдыру

Comments ()