• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

06.03.2020 ж.

Түсінік беру

Кезекті талқылау!

Ағымдағы жылдың 5 наурызында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің латыннегізді қазақ тілінің әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес кезекті талқылау ұйымдастырылды.

Талқылаудың мақсаты қоғамдық пікірді қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның болашағын қамтамасыз ету, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің емлелік және графикалық негіздемелерді жан-жақты қамтып нақтылай түсу, сондай-ақ әліпбиішілік реттеулер бойынша ұсыныстарды талқылау болып табылды.

Талқылауға жергілікті жоғары және арнаулы оқу орындарының филолог ғалымдары, тіл мамандары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Өткізілген талқылау барысында ғалымдар мен тіл мамандары тарапынан ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған республикалық жұмыс топтарының кеңейтілген отырыстарында қаралатын болады.

Кезекті талқылау!

Пікір қалдыру

Comments ()