• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

14.11.2019 ж.

Түсінік беру

«Латын графикалы жаңа емледегі жаңалықтар» тақырыбындағы онлайн семинар

2019 жылғы 14 қарашада Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Латын графикалы жаңа емледегі жаңалықтар»  тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру, жаңа ұлттық әліпбиді енгізу және көшу кезеңдерінде кездесетін негізгі аспектілер мен проблемаларды шешу жолдары туралы ақпарат беру.

Осы семинар барысында оқытушыларға жазудың ұлттық бірегейлігі, жаңа жазудың бұқаралық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы, тілдің жазба мен ауызша түрінің айырмашылығы, жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы, қазіргі айтылым нормалары мен жазудың арақатынасы, қазақ тілі емле ережелеріндегі дәстүрлі жазу нормалары, жаңа емле ережесіндегі тараулар, параграфтар, ескертулер бойынша толыққанды мәлімет берілді.

Ағымдағы жылы жалпы 5 рет өткізілген облыстық онлайн семинарға қалалар мен аудандардан 250 қазақ тілі оқытушысы мен тіл мамандары қатысып, өз біліктіліктерін арттырды.

«Латын графикалы жаңа емледегі жаңалықтар» тақырыбындағы онлайн семинар

Пікір қалдыру

Comments ()