• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

06.02.2020 ж.

Түсінік беру

«Әл-фараби мұрасына» АҚПАРАТ-ХАБАРЛАМА

Көрнекті ғалым, философ және ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған музей қорынан «Әл-фараби мұрасына» атты графика көрмесі туралы

АҚПАРАТ-ХАБАРЛАМА

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды жүзеге асыру аясында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде 2020 жылдың 7 ақпанында сағат 15.00-де «Әл-Фараби мұрасына» атты қорынан графика көрмесінің ашылуы өтеді.

«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Көптеген халықтар ұлы бабалардың есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала аса көрнекті қайраткерлердің тұтас тайпасын құрды. Олардың қатарына Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін және Бейбарыс, Тәуке мен Абылай, Кенесары, Абай және басқа да ірі тұлғалар кіреді».

Әл-Фараби тақырыбы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында келтірілген гуманистік идеяларға сәйкес мәңгілік және сарқылмас. Әл-Фарабидің тұлғасын түсінуге талпыныс жасаушылар ғалымдар ғана емес. Бұл өзекті тақырыпқа өз еңбектерінде Орта Азияның ғалымы мен ойшылының бай мұрасын ашқан қазақстандық белгілі графикалық суретшілер Е. Сидоркин, Б. Пак, В. Поликарпов та назар аударды.

Көркем образдың тұтастығы әйгілі қазақстандық графигі Евгений Сидоркин жасаған Әл-Фарабидің рухани-адамгершілік портретінде көрсетілген. Бұл ұлы ойшылдың біліміне деген даналықты, батылдықты және бұрын-соңды болмаған құмарлықты білдіреді.

«Әл-Фараби мұрасына» атты графика көрмесінің басты мақсаты - біздің тарихымыздың қалыптасуы мен дамуындағы ұлт тұлғаларының үлкен рөлін түсінуді мақсат етеді.

Көрме 2020 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін жұмыс істейтін болады.

 

Мекен -жайы: Торайғыров көшесі 44/1,

Аңықтама телефоны – 53-61-04,

факс 53-58-11,

е-mаіl: pvlmusei@mail.ru

Музей сайты: www.pavlodar-museum.kz

Пікір қалдыру

Comments ()