• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

07.06.2019 ж.

Түсінік беру

«Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» пресс-релиз

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»  № 137/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» қаулы жобасына пресс-релиз

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес, «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 139 бұйрығына сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметтің Стандартына өзгерістер енгізуіне байланысты, Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыс әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы әзірленді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 139 бұйрығына сәйкес, областық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» және «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  екі регламентін әзірледі.

Осы облыс әкімдігінің қаулы жобасы ашық нормативті құқықтық актілер интернет порталында 2019 жылғы 7 шілде күні орналастырылды.

Пікір қалдыру

Comments ()