• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

13.12.2019 ж.

Түсінік беру

«Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және архив ісі саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» облыс әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз хабарлама

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бірқатар өзгерістер енгізілді, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін жою бойынша. Облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен мемлекеттік қызметтің төрт түрі көрсетіледі: «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесеархивтік ұзінділер беру», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру», «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау». Регламенттердің жойылуна байланысты «Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және архив ісі саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» облыс әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді.

Облыс әкімдігінің аталған қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында  2019 жылдың 13 желтоқсанында жарияланды.

Пікір қалдыру

Comments ()