• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

25.12.2019 ж.

Түсінік беру

«Павлодар облысы Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулы мен шешім жобасына баспасөз-релиз

«Павлодар облысы Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулы мен шешімі (бұдан әрі - бірлескен қаулы мен шешім) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы    4-1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының, 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікіріне сәйкес әзірленді.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасының қабылдау мақсаты ірі тұлғалардың есімін ұлықтау және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды қайтаруға байланысты.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2.

Пікір қалдыру

Comments ()