• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

11.09.2019 ж.

Түсінік беру

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» тілдер фестивалі

Қазақстан халқы тілдерінің ХХІ республикалық фестивалі және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен жарияланған «Тілдер онкүндігі» 2019 жылғы 5 қыркүйекте тілді кеңінен насихаттап, халық санасын серпілтуді және әр ұлттың ерекшелігі мен құндылығын көрсетуді мақсат ететін «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» тілдер фестивалімен қорытындыланды.

Аталған тілдер фестивалі 2 негізгі бөлімде ұйымдастырылды. Бірінші бөлімінде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Е.Н. Дәуеновтің төрағалығымен пленарлық мәжіліс өткізілді. Бұл мәжіліске өңіріміздегі жоғары оқу орындарының ғалымдары, тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалының белсенділері, «Жебе» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мекеме және ұйым басшылары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері қатысты. Жиын барысында өңіріміздегі тіл саясатын, мемлекеттік тілдің өрісін одан әрі кеңейту мен насихаттау жолдары, мемлекеттік тілді дамытуды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды.

Осылайша, тілдер фестивалі Естай атындағы мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары А. Ораловтың құттықтау сөзімен салтанатты түрде ашылып, өз жалғасын тапты. Шара барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан облыстың бірқатар азаматтары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Тіл саясаты комитетінің, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара барысында шақырылған қонақтарға «Тіл шаһары» жобалар көрмесі ұйымдастырылып, «Аna tili» мобильдік қосымшасы арқылы жаппай латын қарпі негізінде қазақ тілін оқыту, жаңа технологияларды қолдану әдістері таныстырылды.

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» тілдер фестивалі

Пікір қалдыру

Comments ()