• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

28.06.2019 ж.

Түсінік беру

«Қанжығалы шежіресі» кітабының тұсаукесері

27 маусымда облыстық кітапханада, шежіреші Сыдықов Мүсәйіп Қыдырқанұлының «Қанжығалы шежіресі» бірінші томының тұсаукесері өтті. 
Шежіре қазақ халқының тарихының құрамдас бөлігі. Екі томдық «Бура шежіресі», 9 томдық «Қаракерей шежіресі», «Көнші шежіресі», «Қарауыл-Жасық», «Терістаңбалы» шежірелерінің авторымен кездесуге шежіре сүйер қауым, Павлодар өңірінің ғалымдары, зиялы қауым өкілдері жиналды. Еңбек ардагерлері Совет Әмірханов, Әку Ахметов, ПМПУ профессоры Назым Сабырқызы Асенова және Қанжығалы ұрпақтары өз ойларын білдіріп, ризашылықтарын айтты. «Сағым жылдар» әжелер ансамблі әннен шашу шашты. Шежірешінің баспа бетінде жарық көрген кітаптарының көрмесі қонақтарға таныстырылды.

«Қанжығалы шежіресі» кітабының тұсаукесері

Пікір қалдыру

Comments ()