• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

14.02.2019 ж.

Түсінік беру

С. Баязитовтың «Ақбалық хазірет» атты кітабының тұсаукесері

13 ақпанда облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Сүлеймен Баязитовтың «Ақбалық хазірет» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. «Ақбалық хазірет» кітабы аса көрнекті діни тұлға Ақбалық Хазіретке арналған. Аузы дуалы, көріпкел хазірет туралы халық арасында аңызға айналған әңгімелер мен оқиғалар көп. Заманның қиын күнінде халықтың діни сауатын көтеріп, Алланың ақ жолымен жүруге шақырған ғұламаның аты мәңгі ұмытылмайды.

Кездесу кешіне жергілікті зиялы қауым, ақын-жазушылар, ғалымдар, осы кітаптың шығуына демеушілік еткен жергілікті қажылар Даметкен Айдарханқызы, Бәйран Айдарханқызы, Ғайниден Қабдуқызы, еңбек ардагері Роза Шәкенова,  ақын-журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар филиалының төрағасы Арман Қани, ф.ғ.д., С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры, Мәшһүртанушы Айтмұхамет Тұрышев, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Балтабай Сыздықов,  тіл жанашыры, аудармашы Ульян Мақұл және т.б. қатысты. Кітапхана қызметкерлері «Жырларым – елге мұра, ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырды.

С. Баязитовтың «Ақбалық хазірет» атты кітабының тұсаукесері

Пікір қалдыру

Comments ()