• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

21.05.2019 ж.

Түсінік беру

Кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Бұл күні мәдениет және өнер мекемелерінің – мұражайлар мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы және мәдениет үйлерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ, ақындарға, жазушыларға, әртістерге және басқа шығармашылық мамандық өкілдеріне шын көңілден алғыс сезімін білдіремін.

Республикамызда қоғамдық руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашатын үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға және молайтуға ерекше мән беріледі. Сіздер халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып, еліміздің  әлеуметтік-рухани құндылықтарын әлемге паш етесіздер.

Сіздерге жаңа бастамаларыңызға сәттілік, шығармашылық табыстар мен игі жетістіктер, бақыт, зор денсаулық пен амандық тілеймін! 

Павлодар облысының мәдениет,

архивтер және құжаттама

басқармасының басшысы

Б. Анисова    

Кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Пікір қалдыру

Comments ()