• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

08.05.2019 ж.

Түсінік беру

Павлодар ауданының кітапхана қызметкерлеріне арналған Семинар-жиналыс

4 мамыр күні кітапхана ісіндегі инновацияларға арналған семинар-тәжірибе өтті. Бұл шараның қатысушылары Павлодар ауданының ОКЖ-нің барлық кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде кітапханашы М.А. Омарова, А.Ю. Хабарова кітапхана ісі жүйесіндегі жаңашылдықтар жөнінде айтып және іс жүзінде көрсетіп, көрме ісінің жаңа түрлерін баяндап берді. Семинар 2019-2020 жылдарға жоспарланған Павлодар ауданының батыр-жерлестері жайлы электронды архивтің ашылуын қамтитын «Мы живем на родине Героя» атты жобасының көрсетілімімен жалғасты. Бұл жобаның жүзеге асырылуында, яғни ҰОС қатысушы жерлестер жайлы ақпараттың жинақталуына ОКЖ-нің барлық кітапханашылары атсалысады. Семинар барысында әр кітапхана жайындағы мәселелер талқыланып, кітапхана қызметкерлері кітап қорын есептен шығару жөнінде, РАБИС бағдарламасына мақаларды енгізу, жоспар бойынша, ретрофондқа кітаптар енгізу, сондай-ақ, ОКЖ-нің жартыжылдық есепке дайындық жайлы сұрақтар қойылды.

Павлодар ауданының кітапхана қызметкерлеріне арналған Семинар-жиналыс

Пікір қалдыру

Comments ()