• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

08.11.2019 ж.

Түсінік беру

АҚШ пен Қазақстандағы ең үздік би ұжымдарының орындауындағы қазіргі заманғы би шоуы

Күні: 19 қараша

Уақыты: 19.00

Өткізілетін орын: Естай атындағы Мәдениет сарайы, Конституция алаңы 1

Кіру: тегін


19 қарашада Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Естай атындағы мәдениет сарайында Американың заманауи бидің ең үздік балет труппаларының бірі “Company E” және Қазақстанның заманауи би театры «Самұрық» өнер көрсетеді.

Шоу бағдарламасында көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген заманауи би стиліндегі қойылымдар көрсетіледі.

“Company E” заманауи балет труппасы «АҚШ-тағы заманауи бидің ең үздік труппасы» (Haretz басылымы, Израиль) және «батыл және талантты труппа» (Washington Post) деп танылды. 2011 жылы құрылғаннан бері “Company E” 30-дан астам елде болып, Вашингтонда Джон Ф. Кеннеди атындағы Орындаушылық өнер орталығының тұрақты серіктесі болып табылады.

«Самұрық» - Қазақстанның заманауи би саласындағы алғашқы кәсіби тобы. Би тобының репертуарына толықметражды қойылымдар және бір актілік балет кіреді. Сонымен қатар хореографиялық миниатюраның әр түрлі нысандары, тақырыптары - өмір мен өлім, махаббат пен жек көру, адамның әлеммен қарым-қатынасы, адам жанының қосарлануы, шындықты іздеу - бір сөзбен айтқанда, адамзатты үнемі мазалайтын тақырыптар креативті түрде көрсетіледі.

Би гастролі аясында “Company E” балет труппасы қазақстандық әріптестерге Бродвей джазы және американдық заманауи би элементтері бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. “Company E” 2013 жылдан бастап Қазақстанда заманауи би бойынша семинарлар өткізіп келеді. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азияның бес республикасының 100-ден астам бишілеріне екі апталық би сабақтарын өткізіп, оны гала-концертпен аяқтады. 

 

Қосымша сұрақтар бойынша жоба координаторы Меруерт Садуақасовамен келесі байланыстар арқылы хабарласа аласыздар: тел. +7 7052611494, email: meruyert.sadvakassova@gmail.com

АҚШ пен Қазақстандағы ең үздік би ұжымдарының орындауындағы қазіргі заманғы би шоуы

Пікір қалдыру

Comments ()