• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

19.04.2019 ж.

Түсінік беру

«Артымда қалса бір шумақ өлең» атты шығармашылық кездесу

18 сәуір күні облыстық кітапханада жерлес ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының басшысы, журналист, «Алаш» сыйлығының лауреаты, бірқатар кітаптардың авторы Арман Қанидің 65 жылдық мерейтойын атап өту аясында кездесу өтті. Ақын өзінің өлеңдерін оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.  Танымал павлодарлық авторлар Ғалымбек Жұматов, Сүлеймен Баязитов, Шолпан Байғалы, Жасұлан Садықов, қоғам қайраткері Социал Әйтенов, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова мерейгер және оның шығармашылығы туралы пікірлерімен бөлісті. Облыстық кітапхана мерейтойымен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады, сыйлық табыстады. Іс - шараға «Ардагер үйі» шипажайының демалушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Келушілер назарына Арман Қани кітаптарының көрмесі таныстырылды. 

«Артымда қалса бір шумақ өлең» атты шығармашылық кездесу

Пікір қалдыру

Comments ()