• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

28.06.2019 ж.

Түсінік беру

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттытаймын.

Мемлекетімізде баспасөз бен тележурналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақтылы таратып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары.

Бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістердегі алатын орны мен атқарған қызметі айрықша. Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастырып, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Қандай да бір ақпарат көзінің сөзі - қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті.

Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жетулеріңізге тілектеспін.

Ізгі ниетпен,

Павлодар облысының мәдениет, архивтер

және құжаттама  басқармасының  басшысы 

Б. Анисова

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының  қызметкерлері!

Пікір қалдыру

Comments ()