• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

02.09.2019 ж.

Түсінік беру

Павлодарда қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстарының үшінші маусымы басталды

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын шеңберінде мектепке дейінгі мекемелердің мамандарына арналған латын қарпі негізіндегі қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары басталды.

Шараның мақсаты – жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету.

Аталған курстарда латын графикасы негізінде қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары және «Егемен Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы санында жарияланған 2018 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен мақұлданған «Қазақ тілі емлесінің ережелері» қолданылатын болады.

Жылдың соңына дейін аталған курстарды қаланың 106 мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлері аяқтайтын болады.

Павлодарда қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстарының  үшінші маусымы басталды

Пікір қалдыру

Comments ()