• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

25.11.2019 ж.

Түсінік беру

Павлодарда тегін қазақ тілі курстары аяқталды

Павлодарда ағымдағы жылдың 25 қарашасында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға арналған қазақ тілі курстары аяқталды.

Шараның мақсаты – қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету.

Аталған курстарға күш құрылымдарының мамандары, денсаулық сақтау және қызмет көрсету саласының қызметкерлері, сондай-ақ курстарға алдын ала жазылған қазақ тілін меңгеруге ниет білдірушілер қатысты. Жалпы ағымдағы жылдың басынан бастап барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстарына 200-ден астам адам қамтылып, курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Келесі жылы да жоғарыда аталған тегін курстар жалғасын табатын болады.

Павлодарда тегін қазақ тілі курстары аяқталды

Пікір қалдыру

Comments ()