• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

12.04.2019 ж.

Түсінік беру

Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күні

Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында ауылдық кітапханалар бірқатар іс-шаралар жүргізді. Осылайша, кіші мектеп жасындағы балалардың оқуға қызығушгылығын тудыру мақсатында Новоямышево ауылдық кітапханасында «Кітап білім ордасы» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы «Кітап – білімнің қайнар көзі» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. Кітап пен кітап оқудың адам өміріндегі маңызы жайлы айтып, балаларға ғылым, ғылыми жетістіктер, ғалымдар жайлы, табиғат, ғарыш туралы әдеби шығармаларды ұсынды. Балалар білімнің әр саласындағы ғылыми деректерді қамтитын энциклопедиялар мен кітаптар жайлы, кітапхана қоры жөнінде білді.

Шақат ауылдық кітапханасында дат жазушы Ганс Христиан Андерсенге арналған дүниежізілік балалар кітабы күні аталып өтті. Балалар үшін мұндай атаулы күнде кітап өнері мен кітап мәдениетіне, әдебиетке назар салатын «Если в сказку очень верить, то она к тебе придет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күні

Пікір қалдыру

Comments ()